Қызылордада орталық емханадан өрт шықты

30 Маусым 2024, 20:49
513
Бөлісу:
Қызылордада орталық емханадан өрт шықты

Қызылорда қаласында орталық емханадан өрт шықты. Бұл туралы BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Төтенше жағдайлар қызметіне 30 маусымда 2.20-да З.Шүкіров көшесі бойында орналасқан қалалық орталық емхананың 2-қабатынан өрт шығуда деген шақырту түсті.

Өртке қарсы қызметінен оны сөндіруге 26 қызметкер жұмылдырылды. Барлау жұмысы нәтижесінде орталық емхананың 2-ші қабатындағы бөлме ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Өрт 2.43-те толық сөндірілді. Өрттен зардап шеккендер жоқ, - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.

Өзгелердің жаңалығы