Қызылордада оқушы қызды қорлаған 13 күдікті анықталды

19 Қыркүйек 2024, 12:11
557
Бөлісу:
Қызылордада оқушы қызды қорлаған 13 күдікті анықталды
VIDEO
Фото: BAQ.KZ -архив

Бұл туралы Сенат кулуарында Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Игорь Лепеха Қызылордада сыныптастары қорлаған оқушы қыздың ісіне қатысты тергеудің егжей-тегжейін айтты.

Қылмыстық іс бойынша 11 адам ұсталды, 2 адам үйқамақта отыр. Бұл оқиға бойынша 13 фигурант анықталды. Оның 11-і ұсталды. Қазіргі таңда бірқатар бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Одан басқасын айта алмаймын. Себебі қылмыстық іс аясында бұл тергеушінің құзыретіне жатады, - деді Игорь Лепеха.

Оның айтуынша, 13 фигуранттың ішінде оқушы қызды жыныстық құлдыққа мәжбүрлегендер мен ұйымдастырушылар да кіреді.

Лепеха 2 адам үйқамақта отырғанын, 11 ұсталғанын нақтылады.

Өзгелердің жаңалығы