Қызылорда облысының «Құмкөл» мұнай кен орнында инновациялық технология бойынша күрделі мұнай шикізатын қайта өңдеу қондырғысы іске қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бүгінгі таңда Қазақстанда бар шикізат ресурстарын ұтымды әрі тиімді пайдалану мәселесі өзекті болып қалуда.
Осыған байланысты мұнай қалдықтарын қайта өңдеу бойынша жаңа инновациялық ғылыми әдістерді пайдалану ерекше назар аударуға тұрарлық.
Қызылорда облысының «Құмкөл» мұнай кен орнында инновациялық технология бойынша күрделі мұнай шикізатын қайта өңдеу қондырғысы іске қосылды. Іс-шараға Қызылорда облысы әкімдігінің, «Ғылым қоры» АҚ, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің, «Байқоңыр» ӘКК» АҚ, АХҚО Жасыл қаржы орталығы, «Инновациялық технологиялар паркі» ДКҚ өкілдері қатысты.
Жоба Ғылым қорының қолдауымен іске асырылуда. 2017 жылы оны іске асыруға 300 млн теңге бөлінді, қоса қаржыландыру шамамен 346 млн теңгені құрады. Одан басқа, «Байқоңыр» ӘКК тарапынан шамамен 500 млн теңгеге қаражат тартылды.
Күрделі мұнай шикізатын қайта өңдеу бойынша кезең-кезеңмен инновациялық технологияны А.А. Орынғалиев басқарған жобалау тобымен, профессор, х.ғ.д., Н.О. Аппазовпен әзірленді. Қондырғы қалдықтардан 95-97% мұнайды тауарлық түрге қайтарып, мұнай шламдары мен өзге де мұнай қалдықтарын түзу және жинақтау бойынша мұнай өнеркәсібінің проблемасын шешуге мүмкіндік береді.
Бұл жоба мұнай өнеркәсібі саласындағы ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті коммерцияландырудың табысты мысалдарының бірі екенін айта кеткен жөн. Қазірдің өзінде сатылым 600 млн. теңгені құрады. 34 млн теңге сомаға салықтар төленді. Біздің ойымызша, ресурстарды тиімді пайдалану дегеніміз «аз жұмсап, көбірек алу» дегенді білдіреді және біз осыған қол жеткізуге көмектесетін технологиялар мен шешімдерді дамытуға тырысамыз. Сондықтан Ғылым қоры осындай зерттеу әзірлемелерін қолдауға мүдделі,- дейді Ғылым қорының басқарма төрағасы А.А. Шаменов,
Жабдық мұнай кен орындарын пайдаланушы кәсіпорындардың, мұнай өңдеу зауыттарының, мұнай қалдықтары бар полигондар иелерінің, мамандандырылған сервистік компаниялардың қызығушылықтарын туғызды.
Бұл бағыт бойынша жобаның Қазақстанда баламасы жоқ. Соңғы 5 жылда Ғылым қоры экология саласындағы 10 жобаға қолдау көрсетті, олар бойынша сатылым 1 млрд теңгеден асты, бюджетке төленген төлем сомасы шамамен 200 млн.теңгені құрады.