Қызылордада көлемі жұмыртқадай бұршақ жауды

6 Шілде 2022, 21:45
1651
Бөлісу:
Қызылордада көлемі жұмыртқадай бұршақ жауды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үлкендігі жаншошырлық бұршақ облыстың Жалағаш, Сырдария аудандарында жауған.

Шілде айының басындағы табиғаттың мұндай түсініксіз құбылысы тұрғындардың зәресін алды. Әзірге жауған ірі бұршақтан зардап шеккендер жоқ. Алайда кей тұрғындар бұршақ үйлерінің есік-терезелерін зақымдағанын айтады.

Сондай-ақ төтенше жағдай департаментіндегілер бүгін қатты желден Жалағаштағы екі қабатты тұрғын үйдің шатыры ұшып кеткенін мәлімдеді.

Жалағаш-Бұқарбай батыр тас жолы бойында жеке тұрғын үйдің шатыры ұшып, электр сымын үзгені жөнінде хабарлама түсті. Қазір ол жерде мамандар жұмыс істеп жатыр, — дейді ТЖД баспасөз қызметіндегілер.

 

Өзгелердің жаңалығы