Қызылордада «Көктем бояулары» көрмесі ашылды

10 Сәуір 2022, 05:45
2128
Бөлісу:
Қызылордада «Көктем бояулары» көрмесі ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы С.Айтбаев атындағы көркемсурет галереясының ұйымдастыруымен «Көктем бояулары» атты көрменің ашылуы өтті.

Көрме ұлттық рухани жаңғыру бағдарламасы аясында облыс суретшілерінің жеке қорларындағы туындыларынан жинақталды.

Сыр мәдениеті мен өнерін  кеңінен көрсету, суретшілердің кәсіби мәнері, көпқырлы өмір құбылыстарын көркем бейнелеудегі шеберлігін таныту мақсатында ұйымдастырылған көрме Сыр өңірінің тума таланттарға бай екенін тағы да бір паш етті.

Аталмыш көрмеге ҚР Суретшілер одағы мүшелерінің қазақ халқының тұрмысынан, тарихы мен дәстүрінен сыр шертетін  40-қа жуық туындылары және Қазақстан Суретшілер одағының Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Кененбаев Аманкелді Кененбайұлының Францияның оңтүстігіндегі  қалаларында орнатылған Мұстафа Шоқай, Қазақстан Суретшілер одағының  мүшесі Асқар Үмбетовтің Абай Құнанбаев бюсттерінің эскиздік жобалары қойылды.

Өзгелердің жаңалығы