Қызылордада бүлікшілерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

9 Қаңтар 2022, 18:03
3659
Бөлісу:
Қызылордада бүлікшілерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылордада тәртіп сақшылары 225 бүлікшіні ұстап, оның 50-не қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды 24.kz.

Жаппай тәртіпсіздік кезінде 201 адам медициналық көмекке жүгінген. Олардың қазір 50 шақтысы ауруханада жатыр. Бұзақылармен болған қақтығыста 20-дан астам полиция қызметкері жарақат алды. Олардың басым бөлігі жеке құрам сапына оралды. Жалпы, облыс орталығында антитеррорлық операция жалғасып жатыр. Комендаттық режим бойынша түнгі сағат 23.00-де «Арлан», «Барыс» ауыр әскери техникасымен жарақтанған топ әуежай маңындағы елді мекендерді аралап шықты. 

Сондай-ақ саяжайларды түгел тексерді. Бүлікшілер жасырынуы мүмкін деген тоғай, су арналарын да сүзіп шықты. Комендатураның мәліметінше, облыс орталығында төтенше жағдай режимін бұзудың 9 дерегі тіркелді. Қала төңірегінде 5 блок-бекет тәулік бойы жұмыс істеп тұр.

Өзгелердің жаңалығы