Қызылордада биыл екі бу қазандығы жөнделеді

Қызылордада биыл жылу-электр орталығының екі қазандығы жөнделеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 halyq-uni 27 Мамыр 2023 2023, 06:35
27 Мамыр 2023 2023, 06:35
1328
Фото: halyq-uni

Қызылордада биыл жылу-электр орталығының екі қазандығы жөнделеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жылу беру маусымында орталық ақаусыз, штаттық режимде жұмыс істеді. Дегенмен, 60 жыл бұрын салынған кәсіпорында желілердің дені ескірген. Жылу құбырларын жаңғыртуға биыл қомақты қаржы қаралып, жаңалау жұмыстары басталып кетті. Аймақтағы жылу желілерінің 47 пайызы тозып тұр. Биыл жаңа электр орталығының құрылысы басталады.

Қазір 3 генератор бар. Газтурбиналық электро орталығында. Соның үшеуінің екеуін қазір жөндеп жатырмыз. Облыстық бюджеттен 1,5 млрд. ақша бөліп, жаңа ТЭЦ іске қосылғанша 2,5 жылға осы жарайтын етіп осындай жұмыстарды қолға алып жатырмыз, - деді облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов.

Наверх