Қызылордада бірнеше дүкенге ұрлыққа түсіп, төлем терминалы мен сейфтен ақша ұрлаған екі азамат ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
29 сәуір ойын орталығының қызметкері өзінің арызында белгісіз азаматтардың пластик терезені бұзып кіріп, 4 дана Playstation және 10 дана джостик құралын ұрлап кеткендігін айтқан. Күдіктілерді полицейлер бейнекамералар арқылы анықтады. 32 және 33 жастағы қала тұрғындары УҰИ-ға қамалды.
Айғақ заттар тәркіленді. ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тексеру барысында ұрланған ақшаларды бас пайдаларына жаратқандығы анықталды, - деді Қызылорда облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы Аманжолов Нұғман.