Қызылордада бір топ адам арасында атыс болды

8 Мамыр 2022, 13:17
1925
Бөлісу:
Қызылордада бір топ адам арасында атыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда қаласының шеткі аймағында бір топ адам арасында атыс болды. 

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Әлеуметтік желі беттерінде оқиғаның 7 мамырда сағат 19.45-те болғаны, одан 3 адам көз жұмып, 2 адам жарақат алғаны айтылды. 

Қызылорда қаласында болған атыс оқиғасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірынғай тізіліміне ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабының 2-бөлігімен тіркелді. Ол бойынша тиicтi сараптамалар тағайындалып, тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне байланысты Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес жария етілмейді, – деп жазылған облыстық полиция департаменті таратқан хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы