Қызылордада басқарманың басты тұлғалары қаржы жымқырған

12 Қазан 2022, 05:22
1179
Бөлісу:
Қызылордада басқарманың басты тұлғалары қаржы жымқырған

Инвестициялық субсидия қаражатын талан-таражға салып, жымқыру дерегі бойынша Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты.

BAQ.KZ бұл ақпаратты Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметі бойынша хабарлайды.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, мемлекеттік қызметшілер бірнеше шаруа қожалықтарында ешқандай жұмыс атқарылмай, жабдықтар қойылмай, жұмыстың толық орындалғаны туралы жалған құжат әзірле­ген. Ақпаратты Qoldau.kz жүйесіне енгізіп, субсидия беру туралы өтінімге электронды түрде қол қойған. Осылайша, 25 миллион теңгеге жуық мемлекет қаражатын жымқырған. Өз кезегінде кәсіпкер тұлғалар келісімшарт сомасының 10 пайызы көлеміндегі сыйақы үшін жалған құжат әзірлеген.

Сот шешімі бойынша облыстық ауыл шаруашылық басқармасының бөлім басшысы мен бас маманы кінәлі деп танылып, мемлекеттік ұйымдарда материалдық немесе қаржы аударымына негіз болатын құжаттарға қол қою құқығы жүктелетін лауазымдарды атқару құқығынан 3 жылға айыра отырып, 2 жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығын шектеу жазасын алды, – делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы