"Қызылорда-Жезқазған" тасжолы 40 жылда бірде-бір рет жөндеу көрмеген

26 Мамыр 2023, 17:35
857
Бөлісу:
"Қызылорда-Жезқазған" тасжолы 40 жылда бірде-бір рет жөндеу көрмеген
Фото: «ҚазАвтоЖол» ҰК

Республикалық маңызы бар "Қызылорда-Жезқазған" күре жолы қолданыстағы 40 жылдың ішінде бірде-бір рет ауқымды түрде жөнделмеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мейірхат Қасымбаев Instagram-дағы парақшасында жазды

Биыл жағдайды түбегейлі өзгертіп, жол құрылысы маусымы аясында Қызылорда облысы арқылы өтетін 200 шақырымға жуық жолды қайта жаңарту жұмыстарымен қамтыдық. Қызылорда облысына жұмыс сапарым аясында учаскелерде жүріп жатқан құрылыс жұмыстары мен мердігер ұйымдардың дайындығын кезекті рет тексеріп, кеңес өткіздім. Мердігерлер учаскелерге арнайы техниканы жұмылдыру жұмыстарын аяқтап, асфальтбетон зауыттарын және ұсақтау-сұрыптау қондырғыларын орнатуда. Тиісінше, алдағы маусым айының басынан бастап мердігерлер құрылыс жұмыстарына толықтай кірісе алады, - деп жазды ол.

Сонымен қатар Қасымбаев жол инфрақұрылымын жақсарту үшін үш жаңа мал айдау өткелін және 40-тан астам су өткізу құбырын орнату көзделіп отырғанын атап өтті.

Қазір мердігер ұйымдар жолдың конструктивті қабаттарын орнату жұмыстарын жүргізіп жатыр. 350-ден астам арнайы техника жұмылдырылды. Сонымен қатар жол инфрақұрылымын жақсарту үшін үш жаңа мал айдау өткелін және 40-тан астам су өткізу құбырын орнату көзделіп отыр. Ұлытау өңірінде орналасқан жол учаскелерінің құрылысымен айналысатын мердігер ұйымдарды анықтау үшін Азия даму банкі ережелеріне сәйкес конкурстық рәсімдер жүргізілуде, - деп түйіндеді «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы.

Өзгелердің жаңалығы