Қызылорда қаласы ыстық сумен қамтамасыз етіледі

28 Қаңтар 2025, 23:47
302
Бөлісу:
Қызылорда қаласы ыстық сумен қамтамасыз етіледі
Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

Қызылорда қаласын ыстық сумен қамтамасыз ету жобасы сәтті жүзеге асырылуда. Бүгінде 187 үй ыстық суға қосылды. Келесі жылу беру маусымына дейін облыс орталығының көпқабатты тұрғын үйлерінің барлығына ыстық су беріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев атап өтті.

Мемлекет басшысының қолдауымен аймақта маңызды жобалар жүзеге асуда. Түркиялық инвестор «Акса Энерджи» компаниясы қолға алған қуаты 240 мегаваттық жаңа жылу-электр орталығы құрылысының 70 пайызы аяқталды. Нысан қыркүйек айында пайдалануға беріледі. Жаңа станция облыс орталығын жылумен, аймақты электр энергиясымен толық қамтамасыз етеді. Өндірілген электр энергиясының артылған бөлігін өзге өңірлерге сатуға мүмкіндік береді.

"Қызылорда-Жезқазған" автомобиль жолын қайта жаңғырту жұмыстары 2022 жылы бастау алғаны белгілі. Республикалық маңызы бар жолдың облыс аумағындағы 216 шақырымының 151 шақырымы пайдалануға берілді. Жоба биыл толық аяқталады, - деп атап өтті облыс әкімі.

Сондай-ақ Қызылорда қаласынан Ақтөбе облысының шекарасына дейінгі 566 шақырым жолды І санатқа ауыстыру осы жылы басталады. Қазіргі таңда, демеушілікпен 350 млн теңгеге техника-экономикалық негіздемесі әзірленді.

Өзгелердің жаңалығы