Қызылорда прокуратурасы 1,7 млрд теңгені негізсіз жұмсауға жол бермеді

9 Қараша 2023, 11:49
373
Бөлісу:
Қызылорда прокуратурасы 1,7 млрд теңгені негізсіз жұмсауға жол бермеді
Фото: gov.kz

Қызылорда қаласының прокуратурасы мемлекеттік сатып алу саласында заңдылықтың сақталуына талдау жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Нәтижесінде бұрын соңды орташа жөндеу жүргізілген көшелерге қаражат бөлінгені белгілі болды.

Қалалық прокуратураның араласуынан кейін мемлекеттік сатып алудың күші жойылып, 1,7 млрд теңге бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол берілмеді.

Атап айтқанда, 2020ж. Қызылорда қаласы, Қызылжарма ауылдық округі, Батырбаев көшесіне 49 млн теңгеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген.

«Автомобиль жолдарының құрылымдық элементтерінің, оның ішінде салу, реконструкциялау, күрделі, орташа және ағымдағы жөндеуден кейінгі жол жағдайының жөндеуаралық мерзімдерін белгілеу жөніндегі ұсынымдар туралы» Бұйрықтың 4.1. тармағына сәйкес автокөлік жолдарына күрделі жөндеуаралық мерзімі 6-9 жылды құрайды (Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының 21.12.2018ж. №131).

Аталған талаптарға қарамастан, Қызылжарма ауылдық округінің әкімдігімен ағымдағы жылы Батырбаев көшесіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаражат бөліп, 653,9 млн теңгеге мемлекеттік сатып алу жариялаған.

Осыған ұқсас заң бұзушылықтар Әбенов, Досхожин және Сексенбаев көшелеріне күрделі жөндеуге 1 млрд теңге қаражат бөлу кезінде анықталды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде жалпы сомасы 1,7 млрд теңгені құрайтын 4 сатып алу конкурсының күші жойылды.

Өзгелердің жаңалығы