Қызылорда облысында қосымша көмір сатып алынады

23 Қаңтар 2023, 19:33
830
Бөлісу:
Қызылорда облысында қосымша көмір сатып алынады

Жылу беру маусымын өткізу үшін шамамен 176 мың тонна көмір сатып алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгінгі таңда бұл көлем таусылуға жақын қалды.

Облыстық энергетика және ТКШ басқармасында облыс отынсыз қалмайды деп отыр. Теміржол көлігі мекемелерімен және жеткізуші кәсіпорындармен қосымша 42 мың тонна көмір жеткізуге келісім жасалды. Кестеге сәйкес, аймаққа күн сайын 7-ден 10-ға дейін вагон келеді.

Қызылорда облысына Шұбаркөл кен орнынан барлығы 70 вагон көмір жеткізілетін болады. Тиісті келісімдерге қол қойылды.  Бірер күнде көмір жеткізіледі, - деді облыстық энергетика және ТКШ басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жоламанов.

Өзгелердің жаңалығы