Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус індетін жұқтырған тағы 11 адам тiркелді, Қызылорда облысында - 10 адам, Павлодар облысында - 1 адам.
Бұл туралы CORONAVIRUS2020.KZ сайтында хабарланды.
Қазақстандағы 31 наурыз сағат 15:30 жағдай бойынша коронавирус жұқтырған тағы 11 адам анықталды.
Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 175 адам, Алматы қаласында – 82 адам, Қарағанды облысында - 13 адам, Ақмола облысында - 10 адам, Атырау облысы - 13 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 8 адам, Ақтөбе облысында - 3 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 2 адам, Павлодар облысында - 2 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 18 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, жалпы 336 науқас тіркелді, - делінген хабарламада.