Қызылорда облысында каналдан қыздың мәйіті табылды

Қазіргі уақытта қылмыстық істің тергелуі облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.

 BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов Бүгiн 2026, 05:18
Бүгiн 2026, 05:18
292
Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Қызылорда облысының Шиелі ауданында канал шлюзінен қыздың мәйіті табылды. Оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғады.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 3 маусым күні кешке ауыл тұрғындарының бірі канал шлюзінен қыздың денесі табылғаны туралы хабарлаған.

Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары марқұмның жеке басын анықтады. Алдын ала мәлімет бойынша, қыз 2 маусым күні кешке үйінен шығып кеткеннен кейін қайта оралмаған.

Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмысты ашу және күдіктіні анықтау мақсатында тәжірибелі қызметкерлерден арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады ведомстводан.

Полиция тергеу мүддесіне байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейтінін мәлімдеді.

Сондай-ақ құқық қорғау органдары әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарап жатқан кісі өлтірудің мән-жайына қатысты кейбір ақпараттардың шындыққа сәйкес келмейтінін ескертті.

Азаматтарды жалған ақпарат таратпауға және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырамыз. Көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін заңнамада жауапкершілік қарастырылған, – делінген полиция хабарламасында.

Қазіргі уақытта қылмыстық істің тергелуі облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.

Наверх