Самара – Шымкент М-32 тасжолында ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің полицейлері Байқоңыр қаласында жылдамдық режимін бұзған Hyundai автокөлігін тоқтатты, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Тексеру барысында көліктің жүксалғышынан төрт үлкен полиэтилен пакетіне оралған жасыл түсті зат анықталып, айғақ зат ретінде алынды.
Сараптама қорытындысымен алынған зат 19 кг 530 гр кептірілген марихуана екендігі нақтыланды. Есірткі шамамен 20 млн теңгеге бағаланды. Автокөлікті тізгіндеген 51 жастағы жүргізуші Байқоңыр қаласының тұрғыны болып шықты.
Күдіктіге қатысты сот санкциясымен 2 ай мерзімге күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу жүргізілуде.