Қызылорда облысында ірі есірткі алқабы жойылды

18 Тамыз 2022, 05:33
1281
Бөлісу:
Қызылорда облысында ірі есірткі алқабы жойылды

14 тамыз күні Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Қызылорда облысы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлері бірлесіп, Қызылорда облысы Шиелі ауданы Тұрсынбай датқа ауылынан отыз шақырым жерде ірі есірткі алқабын анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға орнында 46-51 жас аралығындағы үш күдікті ұсталды. Оқиға орнын тексеру барысында жедел-тергеу тобы биіктігі 10 см болатын құрамында есірткі бар өсімдіктердің 2187 түбін анықтады.

Полицейлер оқиға орнынан ірі есірткі алқабынан бөлек ұсталғандардың жеке заттарын, азық-түлік, сора өсіруге арналған арнайы жабдықтар: насос, палатка, мотор, шланга, күрек, кетпен тәркіледі.

Күдіктілер тамшылатып суару технологиясын қолданған. ​Үш күдікті де Шиелі аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына ​ қамауға алынды.​

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабының 2-бөлігінің 1,3-тармақтарына (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы