Қызылорда облысында есірткі өсірген 23 адам қолға түсті

16 Шілде 2023, 11:15
887
Бөлісу:
Қызылорда облысында есірткі өсірген 23 адам қолға түсті
Фото: polisia.kz

Қызылорда облысында маусым айынан басталған «Қарасора-2023» іс-шарасы аясында есірткі өсірумен айналысқан 23 адам қолға түсіп, олардың 6-ы қамауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Республика көлемінде есірткі қылмысының алдын алуға бағытталған «Қарасора-2023» жедел-профилактикалық іс- шарасы 1 маусым және 31 қазан аралығында өткізіледі.

Аталған жұмыс барысында облыста есірткі өсірумен айналысқан 23 адам құрықталып, оның 6-ы қамаққа алынды

Аталған жұмыстар барысында облыс көлемінде барлығы 39 есірткі құқық бұзушылығы анықталған. Оның ішінде 20-ы есірткі өсіру, 2-і есірткі өткізу, 3-і аса ірі мөлшерде сақтау және 14-і есірткіге байланысты қылмыстық теріс қылықтар саналады. Заңсыз айналымнан 1,6 тонна есірткі заты алынды. Полиция қызметкерлері олардан 5 келіден астамы «марихуана», 5 грамм «гашиш» және 1 тонна 610 келі каннабис өсімдігі тәркіледі, - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Өзгелердің жаңалығы