Қызылорда облысында браконьерлік фактісі анықталды

5 Ақпан 2025, 20:10
499
Бөлісу:
Қызылорда облысында браконьерлік фактісі анықталды
Фото: Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2025 жылғы 4 ақпанда сағат 04:05 шамасында Қызылорда облысы, Сырдария ауданы аумағында жүргізілген рейдтік іс-шара барысында "Охотзоопром ӨБ" РМҚК-ның жедел әрекет ету тобының инспекторлары УАЗ Хантер маркалы автокөлігін тоқтатты.

Автокөлікті тексеру барысында 53 дана қоян ұшасы, 1 дана аңшы мылтығы (12-калибр), 1 дана жарық шам, 6 дана патрон анықталды.

Аталған факті бойынша 2025 жылғы 4 ақпанда Сырдария АПБ-да ҚР ҚК 337-бабының 3-бөлігі бойынша № 254348031000016 қылмыстық іс тіркелді.

Өзгелердің жаңалығы