Қызылорда облысында Басықара көпірі ашылады

20 Қараша 2022, 04:38
1595
Бөлісу:
Қызылорда облысында Басықара көпірі ашылады

Қазалыда әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жүріп жатыр. 4 ауылды аудан орталығымен байланыстыратын Басықара көпірінің құрылысы аяқталып, 3 елді мекенге газ беріледі, деп хабарлайды деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Ауданда тұрғындар серуендейтін орындар мен балалалардың спорт, ойын алаңдары көбейді. Өйткені халық саны артқан. Сол себепті аудан орталығы да кеңейіп келеді. Қазалы ауданындағы Басықара көпірінің құрылысы аяқталды. Ұзындығы 33 метр болатын екі жолақты жаңа өткел бірер күнде ашылады. Бұрынғы ескі көпір апатты жағдайда тұрған. Осыған орай шұғыл шешім қабылданып, екі жылда жаңасы салынды. Осылайша, Басықара, Сарыбұлақ, Абай және Өркендеу ауылының тұрғындарының аудан орталығына қатанауына қатысты мәселе толық шешілген. 

Бұл 40-50 тонна көтере береді ғой. 33 метрлік балка ғой. Өте салмақты, сапалы салынды деп сендіруге болады. Облыс көлемінде ең бірінші рет 33 метрлік балка салынып тұрғаны, - дейді мердігер Көпжан Бижанов.

Қазалы ауданының орталығында тұрғындар саны көбейіп, көлік нөпірінің артуы байқалады. Сондықтан Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласын байланыстырып тұрған 7 шақырымдық автокөлік жолы да 4 жолақты етіп, кеңейтіліп жатыр.

Қазіргі таңда осы автомобиль жолында орналасқан екі темір бетон көпірі мен 2 су өткізгіш құбырына қайта жаңарту жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ автомобиль жолының негізгі қабатын күшейту жұмыстары және автобус аялдамаларын орнату жұмыстары жүргізілуде. Енді нысанды пайдалануға беру 2023 жылға жоспарланып отыр, - деп хабарлады аудандық ТКШ бөлімінің бас маманы Нұрман Ердалиев.

Өзгелердің жаңалығы