Қызылорда облысында 3 мыңнан астам тұрғын қоғамдық орындарды ластаған

Бүгiн, 00:32
113
Бөлісу:
Қызылорда облысында 3 мыңнан астам тұрғын қоғамдық орындарды ластаған
Фото: polisia.kz

Қызылорда облысында жыл басынан бері қоғамдық орындарды ластаған 3 мыңнан астам тұрғын жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтем жасап.

Облыс аумағын абаттандыру және көркейту бағытында қарқынды жұмыстар жүргізіледі. Дегенмен, ортақ пайдаланылатын орындарды ластау деректері тіркеліп жатыр.

Статистика көрсеткендей, жыл басынан облыста қоғамдық орындарды ластағаны үшін Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-2-бабында көзделген әкімшілік жауапкершілікке 3560 адам тартылды. Олардың 226-сы бір жыл ішінде қайталап құқық бұзушылық жасағандар.

Қазіргі таңда учаскелік полиция инспекторлары әр жұма, сенбі күндері күшейтілген бағытта мобильді топ шығарып жұмыстар атқаруда. Бұл бағыттағы жұмыстар учаскелік полиция инспекторларының басты назарында.

Ортақ пайдаланылатын орындарды, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау – 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер – 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

Өзгелердің жаңалығы