Қазатомөнеркәсіп Жаңақорған ауданында жаңа ауыл клубын салуға қолдау көрсетуде

Қызылорда облысының Жаңақорған ауданындағы Ақжол ауылында 150 орындық клуб үйі салынып жатыр. Жоба «Қазатомөнеркәсіптің» қолдауымен жүзеге асуда.

24 Қараша 2026, 13:33
АВТОР
 «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК 24 Қараша 2026, 13:33
24 Қараша 2026, 13:33
61
Фото: «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК

Қызылорда облысының Жаңақорған ауданына қарасты Ақжол ауылында 150 орындық жаңа клуб үйінің құрылысы жүргізілуде. Жоба «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның қолдауымен жүзеге асырылып жатыр.

Жаңа ғимараттың жалпы ауданы 740 шаршы метрді құрайды. Сонымен қатар клубтың айналасындағы 3 800 шаршы метрден астам аумақты көгалдандыру көзделген. Заманауи нысан ауыл тұрғындарының түрлі қоғамдық іс-шаралар өткізуіне және шығармашылықпен айналысуына мүмкіндік береді.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК

Бұл жоба Мемлекет басшысының әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандар құрылысын дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында іске асырылуда. Осы бағытта «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен Қызылорда облысының әкімдігі 2026-2027 жылдары өңірде әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру туралы меморандумға қол қойған болатын.

Келісім аясында Қазатомөнеркәсіп және оның еншілес әрі тәуелді ұйымдары өңірдегі үш әлеуметтік нысанның құрылысына 2,1 млрд теңгеден астам қаржы бөлді. Олардың қатарында Ақжол ауылындағы клуб үйі, Жаңақорған кентіндегі емхана және Шиелі ауданы Бәйтерек ауылдық округінің Бидайкөл ауылындағы спорт кешені бар.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК

Ақжол ауылының тұрғыны Әлімхан Құрманбеков жаңа клубтың елді мекен үшін маңызы зор екенін атап өтті.

Бұл клуб үйі бізге өте қажет еді. Бұрынғы клуб ғимараты қазіргі талаптарға сай келмейтін. Ауылымыздағы көптеген нысан кезінде асар жолымен салынған. Енді, міне, жаңа мектеп, спорт алаңдары салынып, клуб үйінің құрылысы да басталды. Қазатомөнеркәсіпке ауыл халқының атынан алғысымызды білдіреміз. Құрылыс барысын көріп жүрміз, жұмыс сапалы әрі қарқынды жүргізілуде, - дейді ауыл тұрғыны.

Аталған жобалар ауылдық жерлердегі әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартып, тұрғындардың мәдени-спорттық қоғамдық шараларға етене араласуына және медициналық қызметтерге қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Қазатомөнеркәсіп өндірістік қызметпен қатар, өзі жұмыс істейтін өңірлердің тұрақты дамуына үлес қосып, жергілікті тұрғындардың өмір сапасын арттыруды көздейтін жобаларды қолдауын жалғастыра береді.

 

Наверх