Қызылорда облысында 100-ден астам мұғалімнің дипломы жалған болып шықты

11 Наурыз 2022, 01:35
1569
Бөлісу:
Қызылорда облысында 100-ден астам мұғалімнің дипломы жалған болып шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында 112 мұғалімнің дипломы жалған болып шықты. Бұл деректер педагогтарды аттестациялау барысында анықталған. 

Күмәнді құжаттарды ұлттық біліктілік тестілеудің түпнұсқасына сәйкестігін нақтылау арқылы тексердік, - дейді мамандар.

Мәселен, 2020 жылы аттестаттау комиссиясы 863 құжатты зерделеп, 24 мұғалімнің жалған құжат иеленгенін әшкерелеген. Бұл шаралар 2021 жылы да жалғасын тауып, 587 құжаттың 14-і түпнұсқамен сәйкес емес екені белгілі болды. Олар бұл әрекетке жұмысқа орналасу, қызметте өсу немесе үстеме ақы алу үшін барған.

Нәтижесінде жоғары білімі жөнінде жалған диплом ұсынған педагог қызметкерлер жұмыстан босатылды. Тиісті органдар тарапынан кінәлі тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Қазіргі таңда соның ішінде арнаулы білімі бойынша дипломы бар педагогтер алынған үстеме ақыларын қайтару үшін өз қызметтерін жалғастыруда.

Өзгелердің жаңалығы