Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қызылорда облысында 10-нан аса үлгілі ауыл пайда болды – әкім

Бүгiн, 12:18
109
Бөлісу:
 Артём Чурсинов  - архив
Фото: Артём Чурсинов - архив

Орталық коммуникациялар қызметінде Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аймақтағы ауылдарды дамытуға ерекше көңіл бөліп отырғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Біздің өңірде Нағи Ілиясов ауылын үлгі етіп, басқа аудандардағы кәсіпкерлер де ауылдарды көркейтіп жатыр. Қазір аймақта ондай ауылдардың саны оннан асады. Мысалы Бесарық ауылын көркейтуге кәсіпкер – 1 млрд теңге ақша бөлді, – деді әкім.

«Ауыл аманаты жобасы» аясында парктер салынып, мәдениет үйлері, мектептерді кәсіпкерлер өз қаражаттарына күрделі жөндеуден өткізіп, шаруашылықтармен айналысып отыр.

Сондай-ақ әкім сөзінше Таң, Шаған ауылында да мұндай жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Мемлекет тарапынан да мұндай бастамаларға сәйкесінше қолдау көрсетіліп жатыр.

Қазіргі кезде барлық ауыл сапалы орталықтандырылған ауыз сумен толық қамтамасыз етілді. Жолдар жөнделіп жатыр. Ауылдарда соңғы 3 жылда 17 мәдениет үйі, 21 спорт кешені салынды. Бұл тарапта облыстағы кәсіпкерлермен бірге жұмыс жасап жатырмыз, – деді ол.

Өзгелердің жаңалығы