Қызылорда облысына ерте пісетін көкөністер жеткізіле бастады

22 Мамыр 2024, 19:47
1559
Бөлісу:
Қызылорда облысына ерте пісетін көкөністер жеткізіле бастады
Фото: Сауда және интеграция министрлігі

Қызылорда облысына Өзбекстаннан ерте пісетін пияздың алғашқы легі жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Көкөніс өңірдің ірі сауда желілері мен әлеуметтік дүкендеріне белгіленген бағамен таратылатын болады.

Маусымаралық кезеңде Сауда және интеграция министрлігі "QazTrade" АҚ-мен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, отандық өнім шыққанға дейін ішкі нарықты ерте пісетін көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізуде.

Ерте пісетін көкөністердің жеткізілуін сапалы ұйымдастыру мақсатында Өзбекстан мен Тәжікстанның өнірушілерімен көшпелі кездесулер ұйымдастырылды. Өзбекстанның "UZTRADE" АҚ сыртқы сауда компаниясымен келісімшарттар жасалды. Тәжікстанда Тәжікстан Республикасының Үкіметі жанындағы экспорт жөніндегі агенттікпен, Тәжікстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттікпен осындай келісімдерге қол қойылды.

Өзгелердің жаңалығы