Қызылорда мұнайы: ҚазМұнайГаз инвесторларға нақты тапсырмалар берді

Қызылордадағы кеңесте мұнай өндіруді сақтау, жаңа қорларды барлау және өндірістегі қауіпсіздікті күшейту мәселелері талқыланды.

Бүгiн 2026, 20:34
АВТОР
 ©BAQ.KZ коллажы Бүгiн 2026, 20:34
Бүгiн 2026, 20:34
78
Фото: ©BAQ.KZ коллажы

Қызылордада PetroKazakhstan Inc. компаниясының алдағы қызметіне қатысты өндірістік кеңес өтті.

Жиынға «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Асхат Хасенов төрағалық етті.

Кездесу барысында өңірдегі геологиялық барлау жұмыстарын дамыту басым бағыттардың бірі болып қала беретіні айтылды. Атап айтқанда, ҚазМұнайГаз қытайлық серіктестерге Оңтүстік Торғай бассейнінің ресурстық әлеуетін зерттеу ісінде қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.

Сонымен қатар тараптар бірлескен өндіру активтерінің алдағы жұмысы жөніндегі жоспарларды талқылады. Кездесуде мұнай өндіру көлемін сақтау және ескі кен орындарын игеру тиімділігін арттыру шаралары сөз болды. Әсіресе геологиялық-техникалық іс-шараларды жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.

Бұдан бөлек, өндірістік қауіпсіздік мәселелері де қаралды. Еңбекті қорғау талаптарының сақталуын бақылауды күшейту және өндірістегі төтенше жағдайлардың алдын алу мәселесіне басымдық берілді.

Айта кетейік, PetroKazakhstan Inc. – тігінен интеграцияланған мұнай-газ компаниясы. Оның акционерлері – CNPC (67%) және «ҚазМұнайГаз» (33%).

Компания Оңтүстік Торғай бассейніндегі кен орындарын игерумен айналысады және Шымкент мұнай өңдеу зауытындағы үлеске иелік етеді.

Наверх