«Қызылорда-Көкшетау» бағытында әуе рейсін ашу жоспарланып отыр

11 Қараша 2024, 18:51
342
Бөлісу:
«Қызылорда-Көкшетау» бағытында әуе рейсін ашу жоспарланып отыр
Фото: Көлік министрлігі

Ішкі туризмді дамыту аясында келесі жылдан бастап «Қызылорда-Көкшетау» бағытында әуе рейсін ашу жоспарланып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаевтың Қызылорда облысы тұрғындарымен кездесуінде белгілі болды.

Келесі жылы «Қызылорда-Ақтөбе» автомобиль жолын қайта жөндеу басталады. Жол I техникалық санатқа сәйкес және төрт жолақты болады. Жөндеу жұмыстары Қызылорда қаласын айналып өтетін жолдан басталады. Қызылорда облысының аумағы бойынша жолдың ұзындығы 465 шақырым.

Сондай-ақ 2027 жылы жалпы ұзындығы 736 шақырым болатын «Бейнеу-Сексеуіл» республикалық маңызы бар автомобиль жолының құрылысы басталады.

Сонымен қатар биыл Қызылорда облысының аумағынан өтетін «Қызылорда-Жезқазған» автожолының 140 шақырымы пайдалануға беріледі. Кездесу соңында министр өзекті мәселелері бар өңір азаматтарын жеке қабылдады.

Өзгелердің жаңалығы