Қызылорда әкімі: Ұлына бір той жасап беру – әрбір ата-ананың парызы

7 Маусым 2023, 14:41
4087
Бөлісу:
Қызылорда әкімі: Ұлына бір той жасап беру – әрбір ата-ананың парызы
Фото: gov.kz

The Ritz-Carlton-да ұлының үйлену тойын жасаған Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевқа БАҚ өкілі «Жаңа Қазақстанның принциптеріне сәйкес келесіз бе?» деп сауал жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ұлына бір той жасап беру әрбір ата-ана парызы деп ойлаймын. Әлеуметтік желіде көтерілгендей ол жерде 200-дің үстінде кісі болған жоқ. Ол жерде 100-ге тарта адам болды. Өзіміздің жақын туыстарымыз, баламыздың, келініміздің достары және әлеуметтік желіде көрсетілгендей оған миллиондаған қаражат кеткен жоқ. Сырттан ешқандай жұлдыздар шақырылған жоқ, - деп жауап берді әкім.

Сондай-ақ Нұрлыбек Нәлібаев мемлекеттік қызметке дейін 10 жылдай бизнес саласында жұмыс істегенін айтып, «баламызға кішігірім той жасауға мүмкіндігіміз бар» деді.

Өзгелердің жаңалығы