Қызыл теңізде туристік батискаф су түбіне кетті

27 Наурыз 2025, 23:10
436
Бөлісу:
Қызыл теңізде туристік батискаф су түбіне кетті
Фото: korrespondent.net

Хургада маңындағы Қызыл теңізде демалыс үшін арналған батискаф суға батып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы мәліметті Al Masry Al Youm таратты.

Су астындағы батискафтың бортында 44 адам болған. Олардың кем дегенде алтауы қаза тауып, тоғызы жараланған. Зардап шеккендердің төртеуі ауыр халде. 29 жолаушы құтқарылды.

Батискаф жағалаудағы қонақүйдің яхта порты аймағында суға кеткен. Жергілікті ақпарат көздерінің жазуы бойынша, құрылғы бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бүгін, 27 наурызда ол маржан рифтеріне қарай бет алған.

Өзгелердің жаңалығы