Қызыл кітапқа енген Түркістан сілеусіні фототұзаққа түсіп қалды

10 Шілде 2022, 12:07
1677
Бөлісу:
Қызыл кітапқа енген Түркістан сілеусіні фототұзаққа түсіп қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орман шаруашылығы комитеті бұл жайында Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мәлім етті. 

Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген Түркістан сілеусіні Алматы қорығында орнатылған фототұзаққа ілінді. Жыртқыш сүтқоректі Орталық Азияда ғана кездеседі. 

Қорық аумағында теңіз деңгейінен 1200 – 2800 метр биіктікте, аралас және қылқан жапырақты орманда мекен етеді. Аталмыш территорияда шамамен 16 сілеусін бар. 

Олар жарты жылдың ішінде (2021 жылдың желтоқсанынан 2022 жылдың мамыр айына дейінгі аралықта) 11 рет фототұзаққа түскен.

Өзгелердің жаңалығы