Интернетте жеке мәліметтерді қалай қауіпсіз қолдануға болады?

20 Тамыз 2020, 10:20
19311
Бөлісу:
Интернетте жеке мәліметтерді қалай қауіпсіз қолдануға болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Интернет алаяқтықтың құрбаны болмау үшін нені білу керек? Әлеуметтік желі арқылы жасалатын қоқан-лоқыдан сақтанудың жолдары қандай? Желіде заңсыз әрекетке тап болсаңыз, қайда және кімнің көмегіне жүгіну керек?

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» мемелекеттік гранты аясында аталған мәселелер бойынша құқықтық және психологиялық көмек көрсететін қызу желіні іске қосты. 

Қызу желі арқылы ҚР азаматтары үшін қазақ-орыс тілдерінде тегін консультациялар жүргізіледі. Кеңес алу қоңырау шалушының тарифтік жоспарына сәйкес шығыс қоңырау ретінде тарифтеледі. Ұйымдастырушылар тарапынан құпиялылық ұстанымына кепілдік беріледі, - делінген ведомство мәліметінде.

Жаңа қызмет арқылы мамандар төмендегі бағыттар бойынша кеңес береді:

- азаматтардың цифрлық беделін қорғау; 

- жалған ақпараттарды тарату және жалған ақпараттан зардап шегу;

- fake-news және көпқырлы шындық мәселесі;

- азаматтардың жеке және цифрлық ақпараттарын сақтау; 

- киберқауіпсіздік;

- интернет-тәуелділік;

- балалар құқығын қорғау;

- интернет-сауаттылыққа қатысты мәселелер; 

Мамандар хабарласушылардың мәселелерін анықтап, одан шығу жолдарын ұсынады. Азаматтардың арыз-шағымдарына жедел мән беріп, оның жан-жақты қаралуына ықпал жасайды. Көмек пен кеңес сұрап хабарласқан әрбір хабарласушымен сенімді сұхбат құрылып, олардың мәселелері негізді әрі жылдам шешілуі үшін тиісті органдарға жолданады, психологиялық көмек көрсетіледі. 

Қызу желінің +7 771 4852133 нөміріне 09.00-19.00 аралығында хабарласуға, ал, whatsapp желісіне 24 сағат бойы сауал жолдауға болады, whatsapp желісіне түскен сауалдарға 09.00-19.00 аралығында жауап беріледі. Сондай-ақ, жобаның интернет кеңістігіндегі парақшаларына сауал жолдауға болады: Эл. пошта: Qzrestart2020@gmail.com, Faсebook: Restart парақшасы, Instagram: @restart_social, Telegram: https://t.me/restart_kz, - делінген таратылған ақпаратта.

Айта кетейік, қызу желі «Жастар мен балалар арасында Интернетке тәуелділіктің алдын алу жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыру, сондай-ақ азаматтардың цифрлық беделін қорғау» мемлекеттік гранты аясында іске қосылды. Қызу желі жұмысы 2020 жылдың 30 қарашасына дейін жалғасады. 

Өзгелердің жаңалығы