Қызметтік иттің көмегімен есірткі сатушы ұсталды

27 Қаңтар 2024, 09:10
62
Бөлісу:
Қызметтік иттің көмегімен есірткі сатушы ұсталды

Ақтөбе облысында қызметтік иттің көмегімен есірткі сатушы ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Polisia.kz сайтының хабарлауынша, Ақтөбе облысының полициясына облыс орталығындағы есірткі тұтынушыларды «қамтамасыз етумен» айналысқан марихуана сатушы туралы ақпарат келіп түскен.

Жедел іс-шаралар барысында Ақтөбе қаласындағы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері есірткі сатушыны анықтап, ұстады. Жеке тінту кезінде оның қалтасынан өсімдік тектес зат салынған екі пакет және ірі көлемде ақша тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес барлық тәркіленген заттың жалпы салмағы 10 келі кептірілген марихуана екені расталды. Бұл 12,5 мың бір реттік дозаны құрайды. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын заңсыз қайта өңдегені, сатып алғаны, сақтағаны, тасымалдағаны үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделеді.

Өзгелердің жаңалығы