Мемлекеттік инспекторлар қызанақ жемістерінің қоңыр қатпарлы вирусын анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Орал қалалық аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары осы жылдың 26 қаңтарында Ресей Федерациясынан келіп түскен 1 тонна көлемінде карантинге жатқызылған қызанақ өнімдеріне қайталама карантиндік фитосанитариялық бақылау жүргізу кезінде қызанақ жемістерінің қоңыр қатпарлы вирусын (ToBRFV) анықтады
Қазақстан Республикасының аумағына залалданған карантинге жатқызылған өнімді әкелгені үшін инспектор ӘҚБтК-нің 400-бабы бойынша хаттама толтырып, сондай-ақ істің барлық материалдары сотқа берілді.
Сот шешімімен 2024 жылдың 12 ақпанында өнім алушы кінәлі деп танылды. Жасалған құқық бұзушылық үшін 77 532 теңге сомасында әкімшілік айыппұл салынды, сондай-ақ залалданған барлық өнім арнайы белгіленген аумақта өртеу әдісімен жойылды.
Жою комиссияның қатысуымен өтті, оның құрамына жергілікті атқарушы органдардың, экология департаментінің өкілдері, Орал қалалық аумақтық инспекциясының басшысы, сондай-ақ карантиндік өнім иесінің қатысуымен өтті.