Қытайдың тәжірибесі мен ресурсын бөлісуге дайынбыз – Хань Чжэн

16 Мамыр 2019, 15:12
2482
Бөлісу:
Қытайдың тәжірибесі мен ресурсын бөлісуге дайынбыз – Хань Чжэн
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада өтіп жатқан XII Астана экономикалық форумында ҚХР Мемлекеттік кеңесі премьерінің орынбасары Хань Чжэн жалпыға бірдей экономикалық даму үшін Қытай өз тәжірибесі мен ресурсын бөлісуге әзір екенін айтты. 

«Қытайда 1,4 миллиард адам тұрады. Бұл әлемдегі ең үлкен адами капитал. Кешенді дамудағы ауқымды ілгерілеу мен экономикалық дамудың негізгі перспективалары ретінде әлемдік экономикадағы Қытайдың рөлін белгілеп отыр. Біз осы мүмкіндіктермен бөлісуге әзірміз. Бұл басқалар үшін бірлесіп даму тұрғысынан маңызды деп ойлаймын», - дейді Чжен.

Ол ашық ынтымақтастық арқылы әлемдік экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз ету мүмкіндігіне тоқталып өтті. 

«Жаңа әлемде реформаларға әріптестік және ашықтық тенденциялары байқалады. Жақында Бейжіңде екінші халықаралық «Бір белдеу – бір жол» атты форум өтті. Біз экономикалық либерализация және экономикалық жаһандануды қолдау тұрғысында бірлесе әрекет етуге және сіздерді қолдауға дайынбыз», - деді Қытайдың вице-премьері.

Айта кетейік, АЭФ-тың басты мақсаты – жаһандық үрдістерді зерттеу және Қазақстан дамуының практикалық саясатын жасау үшін экономикалық саясат пен ғылым саласында тәжірибе алмасу алаңын құру. Астана экономикалық форумы 11 жылдың ішінде әлемдік экономика мен қаржы жүйесін жетілдіру және дамыту мәселелерін талқылауға арналған ең беделді халықаралық платформалардың бірі ретінде мәртебеге ие болды. Форумға әлемнің 150 елінен 50 000-ға жуық делегаттар, оның ішінде 20-дан аса Нобель сыйлығының лауреаттары және 30 жоғары дәрежелі шетелдік саяси қайраткерлері қатысып үлгерген.

Өзгелердің жаңалығы