Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясындағы су тасқыны салдары туралы Қытайдың Орталық телевидениесі хабарлады.
7.00 шілдедегі жағдай бойынша су тасқыны салдарынан алты адам қайтыс болды, тағы 12 адам хабар-ошарсыз кетті, - делінген хабарламада.
Жұма және сенбі күндері Сычуань провинциясындағы Бейчуан-Цянск автономиялық округінің аумағында нөсер жаңбыр жауып, су тасқыны болды.
Апат 13 ауылда 22,3 мың адамға әсер етті, кейбір учаскелерде электр желілері қатты зақымданды және жол қатынасы бұзылды.
Авариялық-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.