Қытайдың Ганьсу провинциясындағы су тасқынынан 25 адам қаза тапты

Елдің бірнеше өңірінде эвакуация жалғасып, билік жаңа көшкіндер мен «Долфин» супертайфуны туралы ескерту жариялады.

 Синьхуа агенттігі 2 Тамыз 2026, 14:49
2 Тамыз 2026, 14:49
205
Фото: Синьхуа агенттігі

Табиғи апаттардың алдын алу және салдарын жою жөніндегі ұлттық комиссия Ганьсу провинциясының билігінен болған оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп, жағдайға жан-жақты баға беруді сұрады.

Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, Сычуань провинциясында қолайсыз ауа райына байланысты 64 609 адам эвакуацияланған. Ал су тасқыны маусымы басталғалы бері өңірде жалпы 881 мыңнан астам тұрғын үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған.

Ганьсу провинциясының билігі жауын-шашын маусымы жалғасып жатқандықтан, Динси ауданын қоса алғанда, бірқатар өңірде жаңа көшкіндер жүруі мүмкін екенін ескертті.

Бұған дейін Ганьсу провинциясындағы су тасқынынан 10 адамның қаза тапқаны хабарланған болатын.

Қытайдың метеорологиялық қызметі елдің оңтүстік-батысынан солтүстік-шығысына дейінгі аумақта нөсер жаңбыр, қатты жел мен найзағай болады деп болжады. Сондай-ақ қазір Тынық мұхитының батыс бөлігінен Шығыс Азияға қарай жылжып келе жатқан «Долфин» супертайфуны сәрсенбі күні Қытайдың оңтүстік-шығыс жағалауына жетеді деп күтілуде.

Наверх