Қытайдың 21-ші Халықаралық көрмесінде Қазақстанның ұлттық стенді ашылды

30 Қараша 2024, 07:54
305
Бөлісу:
Қытайдың 21-ші Халықаралық көрмесінде Қазақстанның ұлттық стенді ашылды
Фото: gov.kz

Қытайдың 21-ші Халықаралық ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесінде Қазақстанның ұлттық стенді ашылды. Қазақстан 29 қараша мен 1 желтоқсан аралығында Гуанчжоуда өтетін 21-ші Қытай халықаралық ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесінің құрметті қонағы болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен айналысатын 30-дан астам жетекші кәсіпорын қазақстандық АӨК-тің халықаралық әріптестер мен инвесторлар үшін әлеуеті мен мүмкіндіктерін көрсетті.

Гуанчжоудағы көрмедегі Қазақстанның ұлттық экспозициясы-елдің ауыл шаруашылығы өнімдерінің халықаралық нарығындағы ұстанымын нығайтуға және оның жоғары сапа стандарттарын көрсетуге жасалған маңызды қадам.

Бүгін мұнда өз өнімдерін Қазақстанда өндіретін ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен алуан түрлілігін көрсететін компаниялар таныстырылды, - деп павильонның ашылуында атап өтті ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы.

Павильонға ауыл шаруашылығы және ауылдық істер министрі Хан Цзюнь қатысты.

Павильонда made in KZ жоғары сапалы өнімдері ұсынылған: мақсары, күнбағыс, рапс майлары, түйіршіктелген жем, ет өнімдері, құс шаруашылығы өнімдері, ұн, сусындар, отандық «апорт» бренді, құрғақ бие және түйе сүті, бал, балмұздақ және т.б.

Глютен, крахмал, биоэтанол сияқты астықты терең өңдеу өнімдері келушілердің ерекше қызығушылығын тудырды. Бұл тауарлар Үндістанға, АҚШ-қа, Колумбияға, ТМД елдеріне және Еуропалық Одақта сұранысқа ие және экспортталады.

Сондай-ақ көрме аясында ауыл шаруашылығын дамытуға қолдау көрсету жөніндегі форум ұйымдастырылды, онда ҚХР Ауыл шаруашылығы және ауылдық істер министрі Хан Цзюнь, Гуанчжоу провинциясы үкіметінің қызметкерлері, сарапшылар мен ғалымдар, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, қаржы және инвестициялық институттар өкілдерінің қатысуымен АӨК-нің өзекті мәселелері талқыланды.

Вице-министр ҚХР Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласындағы стратегиялық және агроөнеркәсіптік өнім саласындағы ірі сауда серіктесі болып табылатынын атап өтті. 2023 жылы Қытаймен агроөнеркәсіптік өнім айналымы 1,7 есеге артып, 1,3 млрд доллардан асты.

Қазір азық-түлік қауіпсіздігі бүкіл әлем үшін өзекті мәселе болып табылады және Қазақстан оны қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Соңғы бес жылда АӨК өнімдерінің экспорты екі есеге жуық өсті және біз оны алдағы бес жылда 10 миллиард долларға дейін жеткізуді мақсат етіп отырмыз. Біздің еліміз әлемдегі жетекші он бидай экспорттаушының арасында берік орын алады және мал шаруашылығындағы өз позициясын айтарлықтай күшейтуде. ҚР Үкіметі іске асыратын ұзақ мерзімді аграрлық саясат агробизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасайды және секторды қолдауды қамтамасыз етеді. Сапалы мал шаруашылығы өнімдерін экспорттау, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өңдеу көлемін ұлғайту біз үшін басымдық болып қала береді. Сондай - ақ біз тікелей шетелдік инвестицияларды тартуды жалғастырамыз және өзара тиімді ынтымақтастыққа баса назар аудара отырып, бірлескен өндірістер құрудамыз, - деді ол.

Қытай инвесторларының қатысуымен Қазақстан аумағында бірқатар маңызды жобалар сәтті жүзеге асырылды, оның ішінде СҚО-да рапс майын өндіру, Түркістан қаласында түйе және бие құрғақ сүтін өңдеу және өндіру. Шамамен 700 млн.доллар сомасына тағы 5 инвестициялық жобаны іске асыру мәселесі пысықталуда.

Өзгелердің жаңалығы