Біртанов Қытайдан келетін жолаушыларды тексеру шараларымен танысты

29 Қаңтар 2020, 09:39
1649
Бөлісу:
Біртанов Қытайдан келетін жолаушыларды тексеру шараларымен танысты
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Нұр-Сұлтандағы Назарбаев әуежайында орналасқан санитарлық карантиндік пунктке барды. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Министр Қытайдан келетін ұшақтың жолаушыларын тексеру шараларымен танысты.
83435994_1392850627559462_8187601730955902976_o.jpg
Бүгінде елорда әуежайында ҚХР-дан келген 6 мыңнан астам азамат тексеруден өтті. Олардың барлығы ұшақтан түспей тұрып сауалнама толтырады. Ол Қытайдан Қазақстанға келген азаматтарды 14 күн бойы бақылауда ұстау үшін қажет, - делінген хабарламада.

Жалпы, профилактикалық жұмыстар 6 қаңтарда басталған.

84383116_1392850620892796_1234441018972045312_o (1).jpg

Елжан Біртанов санитарлық карантиндік пункттегі сақтық шараларын күшейтіп, мамандардан тек ұшақ бортында ғана емес оқшаулау бөлмесінде де арнайы костюм киіп жүруді талап етті. 

Сондай-ақ Елжан Біртанов Назарбаев әуежайындағы оқшаулау бөлмесін кеңейту туралы тапсырма берді.


Өзгелердің жаңалығы