Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайдағы Boeing 737 ұшағы құлаған аймақтағы іздеу жұмыстары уақытша тоқтатылды.
Апат орын алған жердегі ауқымды іздеу-құтқару операциясын тоқтата тұруға жаңбыр себеп болған деп хабарлайды Қытайдың Орталық телеарнасы.
Жаңбыр басылған соң хабар-ошарсыз кеткендер мен борттағы өздігінен жазатын құрылғыны іздеу жалғасын табады деп жоспарлануда. Сондай-ақ құтқарушылардың айтуынша, дренаждық жұмыстар да жүргізіледі. Себебі ол жердің топырағы суды көп сіңіретіндіктен, іздеу аумағында көшкін орын алуы ықтимал. Бұл жұмысты біршама қиындатады деп отыр.
Сондай-ақ апат болған жерден әлі де жанармайдың иісі шығып тұрғаны айтылуда.
Еске сала кетейік, Қытайдың оңтүстігінде Boeing 737 жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған болатын. Ұшақ Гуанси-Чжуан автономдық ауданына қарасты Учжоу қалалық округінің Тэн уезінде құлап, соңы орман өртіне ұласқан.