Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытай билігі апатқа ұшыраған Boeing 737 ұшағының бортында болғандардың барлығы қайтыс болды деп жариялады, деп хабарлайды РБК сайты.
Бортта 123 жолаушы мен тоғыз экипаж мүшесі болған.
Айта кетейік, «Боинг 737» ұшағы 21 наурызда Гуанчжоуға автономиялық ауданында апатқа ұшырады. Ол тауға соғылды. Осыған орай әуе компаниясы 223 Боинг ұшағының рейстерін тоқтатты