Қытайдағы аяқ киім фабрикасындағы өрттен 28 адам қаза тапты

Өрт бейсенбі күні сағат 12:04-те Чэньдай кентіне қарасты Цзянтоу ауылындағы фабрикада шыққан. Өрт басталған кезде ғимарат ішінде адамдар болған

 қытай 10 Шілде 2026, 04:25
10 Шілде 2026, 04:25
128
Фото: қытай
Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин өрттің шығу себептерін анықтап, кінәлілерді заңға сәйкес қатаң жауапқа тартуды тапсырды.

Қытайдың шығысындағы Фуцзянь провинциясында орналасқан аяқ киім фабрикасында болған ірі өрт салдарынан 28 адам қаза тапты. Бұл туралы жергілікті билікке сілтеме жасап, «Синьхуа» агенттігі хабарлады.

Өрт бейсенбі күні сағат 12:04-те Чэньдай кентіне қарасты Цзянтоу ауылындағы фабрикада шыққан. Өрт басталған кезде ғимарат ішінде адамдар болған.

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин іздестіру-құтқару жұмыстарын барынша қарқынды жүргізуді, өрттің шығу себептерін жан-жақты анықтауды және оқиғаға кінәлі тұлғаларды қатаң жауапкершілікке тартуды тапсырды.

Қазіргі уақытта өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда.

Наверх