22 қарашада Қытайдың Хэнань провинциясындағы зауытта болған өрт салдарынан кем дегенде 36 адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ CGTN телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарна мәліметінше, өрт Аньян қаласындағы зауытта болған. Қазір 36 адамның қаза тапқаны, екеуі жарақат алғаны және тағы екеуі із-түзсіз жоғалғаны белгілі.
Телеарна өрт сөндірілгенін, оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді.