Қытайда су тасқынынан 51 мыңнан астам адам зардап шекті

15 Маусым 2024, 23:40
555
Бөлісу:
Қытайда су тасқынынан 51 мыңнан астам адам зардап шекті
Фото: скрин

Қытайдың шығысында бес бірдей провинцияда су тасып, сел жүрді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Табиғи апат салдарынан 51 мыңнан астам адам зардап шекті. Әсіресе, Фуцзянь аймағындағы жағдай күрделі. Бұл өңірден 27 мың адам эвакуацияланды.

Төпелеп жауған нөсерден таулы аймақтарда сел жүріп жолдарды басып қалды. Азық-түліксіз қоршауда қалған елді мекендер де бар. Провинциялық штабтың таратқан мәліметіне сәйкес, 55 уездегі 3 мыңнан астам егіс алқабын су шайып кеткен. Сонымен қатар теміржолдар бүлініп 17 бағыттағы пойыз қозғалысы тоқтатылды. Электр бағандары құлап мыңдаған үй жарықсыз қалды. Жергілікті билік төртінші деңгейлі төтенше жағдай жариялады.

Апаттық-құтқару шаралары жалғасып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы