Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышев Шэньси өлкесіне жұмыс сапарымен барып, өңірдің Халық үкіметінің төрағасы Чжао Ганмен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кездесуде екі жақ Қазақстан мен өлкенің әртүрлі салалардағы өзара іс-қимылының бірқатар өзекті мәселесін талқылап, оны болашақта одан әрі дамыту туралы пікір алмасты.
Шавхат Нұрышев қазақстандық жақтың Шэньси өлкесімен сауда-экономикалық, индустриалды-инвестициялық, көлік-логистикалық салаларда тығыз ынтымақтастығын дамытуға жоғары мүдделілігін атап өтіп, қытай әріптестерін Қазақстанның кең өндірісі, инвестиция және сауда мүмкіндіктерін белсенді зерттеуге, ҚР-дың іскерлік топтарымен өзара тиімді байланыстар орнатуға шақырды. Өңіраралық ынтымақтастық форумы және Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесі сияқты алаңдарда одан әрі өзара іс-қимылды арттырудың маңыздылығын атап өтті, - делінген елшіліктің хабарламасында.
Кездесуде мәдени-гуманитарлық, білім беру және туристік алмасуларды қалпына келтіру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Осылайша, қазақстандық дипломат Қазақстан мен Сиань қаласы арасындағы тұрақты әуе рейстерін қалпына келтіруді, сондай-ақ екі ел азаматтары үшін визалық талаптарды жеңілдету жоспарланып отырғанын ескере отырып, ынтымақтастықтың жоғары әлеуетін атап өтті.
Ал Чжао Ган Қазақстан елшісі көтерген мәселелердің маңыздылығын атап өтіп, Шэньси өлкесі Халық үкіметінің белсенді түрде зерттеуге дайын екенін жеткізді. Халық үкіметінің төрағасы Қазақстанның өңірлерімен тығыз байланыс орнатуға деген жоғары қызығушылығын танытты, - деп ақпарат таратты елшіліктің Facebook парақшасы.
Кездесу соңында тараптар биыл Шэньси өлкесінде өтетін халықаралық іс-шаралардың кестесін талқылады.
Шэньси өлкесі – 39,5 млн халқы бар Қытайдың ірі экономикалық, мәдени, туризм, көлік және логистикалық өңірі. 2022 жылы өлкенің Жалпы өңірлік өнімі (ЖӨӨ) 478,4 млрд доллар, жан басына шаққандағы ЖӨӨ 4 394 долларға жетті.
Бұл - өңір Қазақстанның белсенді сауда-экономикалық серіктесі, «Қытай-Еуропа» трансконтиненталды бағытының қатысушысы. Өнеркәсіптік және инвестициялық ынтымақтастықты жүзеге асыруға, ҚР-ҚХР Өңіраралық ынтымақтастық форумы аясындағы іс-шараларға қатысады. Сонымен қатар Жамбыл облысымен бауырластық қарым-қатынас орнатылған.
Шэньси өлкесі – әлемнің түкпір-түкпірінен келген туристер үшін сүйікті орындардың бірі. Өлкеде көптеген тарихи ескерткіш, соның ішінде, император Цин Шихуан кесенесі және оның Әлемнің сегізінші кереметі атағына ие болған терракот әскері орналасқан.