Қытайда COVID-19 жұқтырған 117 адам анықталды

18 Шілде 2022, 20:51
897
Бөлісу:
Қытайда COVID-19 жұқтырған 117 адам анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайда коронавирус індеті толастамай отыр. 

Соңғы бір тәулікте ел ішінде бұл дертті жұқтырған 117 науқас анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Тағы елудей адам ковидты шетелден жұқтырып келді. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау істері бойынша мемлекеттік комитет өкілдері жариялады. 

Жалпы Қытайда бұл аруға шалдыққан адамдардың саны 300 мыңға жетті. Бір мыңнан астамы әлі де ем алып жатыр, оның екеуі ауыр жағдайда. Ел аумағында жаппай тестілеу мен вакциналау науқаны жалғасып жатыр. Қазіргі кезде халықтың сексен процентінен астамы толық вакциналанды.

Өзгелердің жаңалығы