Қытайдың бір қаласын тұтастай су шайып кетті. Оқиға Ляонин провинциясында болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Толассыз нөсер жауыннан өзендер арнасынан тасып кеткен. Хулудао шаһарында 7 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді. Тасқын судың құрсауында қалған 100-ден астам тұрғын құтқарылды.
Елдің солтүстік-шығысындағы 28 елді мекенде жарық пен байланыс үзілген. Зардап шеккендер тікұшақпен шығарылып жатыр.
Аймақта төтенше жағдай жарияланды.