Қытайда АӨСШК талдау орталықтарының форумы өтті

1 Қыркүйек 2023, 01:28
824
Бөлісу:
Қытайда АӨСШК талдау орталықтарының форумы өтті

Гибридтік форматта Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) Талдау орталықтарының форумы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Цинхай провинциясының Халық үкіметі, Шанхай халықаралық зерттеулер академиясы және АӨСШК Хатшылығы ұйымдастырған іс-шараға АӨСШК Бас хатшысы Қ. Сарыбай, Цинхай провинциясының басшылығы, Шанхай халықаралық зерттеулер академиясының президенті Чэн Дунсяо, ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Ш. Собирзода, сондай-ақ ҚХР-да аккредиттелген дипломатиялық корпустың өкілдері мен АӨСШК-ға мүше елдердің жетекші сарапшылары қатысып, сөз сөйледі.

Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев форумның ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде Қазақстанның тәуелсіздік таңында бастамашылық еткен Кеңес отырысы өткен үш онжылдықта Азия құрлығындағы көпжақты дипломатияның тиімді және беделді алаңына айналғанын атап өтті. Қазіргі уақытта АӨСШК толыққанды халықаралық ұйымға біртіндеп айналуы үшін барлық қажетті әлеуетке ие екенін атап өтті.

Елші Қазақстанның осы бастамасын жан-жақты қолдағаны үшін қытай тарапына алғысын білдіріп, АӨСШК талдау орталықтары форумының жұмысын жоғары бағалады. 2014 жылы қытай тарапының бастамасымен құрылған Талдау орталықтарының форумы Азия континентінде өңірлік қауіпсіздік және сенім шараларын күшейту мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Форум аясында АӨСШК елдерінің жетекші сарапшылары мен халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен қауіпсіздік, өркениеттерді өзара зерттеу, және АӨСШК-ні одан әрі дамыту тақырыптары бойынша 3 пленарлық сессия өтті.

Өзгелердің жаңалығы