Қытайда әлемдегі ең ірі халықаралық әуежайдың құрылысы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Әуе айлағы қолдан жасалған аралда орналасады. Жоба бойынша төрт ұшу-қону жолағы және үлкен терминал болады. Әуежай жылына 80 миллионнан аса жолаушыны қабылдайды.
Ғимараттың жобалау-сметалық құжаты 2003 жылы дайын болған. Бірақ құрылыс жұмыстары бірнеше жыл бұрын ғана қолға алынды.