Қытайда 4-ші деңгейдегі су тасқынына жедел әрекет ету режимі іске қосылды

11 Шілде 2022, 16:10
1697
Бөлісу:
Қытайда 4-ші деңгейдегі су тасқынына жедел әрекет ету режимі іске қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайдың су тасқыны мен құрғақшылыққа қарсы мемлекеттік штабы елдің кейбір аймақтарындағы нөсерге байланысты 4-ші деңгейдегі су тасқынына жедел әрекет ету режимін жариялады, деп хабарлады ҚХР-дың Төтенше жағдайларды басқару министрлігі.

Дүйсенбіден сәрсенбіге дейін елдің провинциялық деңгейінің алты әкімшілік бөлімінде, соның ішінде Хэбэй, Шаньси, Шаньдун, Шэньси және Ганьсу провинцияларында, сондай-ақ Ішкі Моңғолия автономды ауданында қатты жаңбыр жауады.

Ұлттық метеорологиялық орталығы жексенбіде нөсерге байланысты "көк " ескерту жариялады. ГМЦ болжамына сәйкес, Ішкі Моңғолия АА-да, Шаньси және басқа аймақтарда жауын-шашын 120 миллиметрге дейін түсуі мүмкін.

Қытайда су тасқынына жедел әрекет етудің төрт деңгейлі жүйесі бар, онда қауіптің ең жоғары деңгейі бірінші болып табылады.

Өзгелердің жаңалығы